Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева денсаулығы сыр беріп, тексерістен өтіп жатқанын хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркиядағы дәрігерлер Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін деп тексеріп жатыр.
Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ауруханада ем қабылдап жүргенін видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
"Менде қатерлі ісік бар деген күдік болған. Биопсияға тапсырып, бәрі таза шықты. Бүгін менің асқазанымды тексереді. Қазір мені наркозға дайындап жатыр", - деді ол видеода.
Еске салайық, 47 жастағы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазір Түркияда тұрып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!