Танымал әншінің бұрынғы күйеуі өлі табылды

Танымал ресейлік әнші Анна Седокованың бұрынғы күйеуі, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеудің орталығында өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап. 

SHOT-арнасының мәліметінше, 32 жастағы баскетболшының денесі елорда орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен табылған. Оның жанында телефон болған.

Анна Седокова мен Янис Тимма бес жылдай бірге болды, бірақ жақында ажырасып кетті. Баскетболшы ажырасуды қатты қабылдады. Әншінің өзі "ұзақ, бақытты, бірақ өте қиын қарым-қатынасты" тоқтататынын жазды.

Желіде спортшының Instagram желісіндегі соңғы видеосы да пайда болды. Видеода Янис Тимма Анна Седокованы туған күнімен құттықтады.

Янис Тимма Анна Седокованың екінші күйеуі болды. Бірінші күйеуі Киевтің "Динамо" клубының бұрынғы капитаны Валентин Белкевич болды.

Футболшы әншімен екі жыл бірге тұрды, кейін олар ажырасып, Белкевич бұрынғы әйеліне оралды. 2014 жылы тромбоэмболиядан қайтыс болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!