Танымал әнші Рахат Тұрлыханов ұсталды деген ақпарат тарады

Танымал әнші Рахат Тұрлыханов ұсталды деген ақпарат тарады
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде танымал әнші Рахат Тұрлыханов жұбайын ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.

"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері шақыртуға шығып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтты. Кейін соққыға жығу дерегін жоққа шығарып, отбасылық жанжалға қатысты арыз жазды", - деп жазылған хабарламада.

Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске салайық, 2024 жылы Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget