Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қабылданды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Ауыл" партиясына қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол партия төрағасы Серік Егізбаевтың қолынан партия билетін алған.

Айта кетейік, "Ауыл" партиясы 2000 жылы 29 наурызда құрылған. Бүгінде ТМД кеңістігіндегі ең ірі аграрлық партиялардың бірі.

Мөлдір Әуелбекова - Қазақстанның танымал әншісі, актриса. 2012 жылға дейін КешYou тобының құрамында болды. Кейін жеке өнер көрсете бастады. "Ғашық жүрек" фильмінде басты рөлдің бірін сомдаған.

Әншінің ән қорында "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" секілді туындылар бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!