Танымал әнші Мархаба Сәби 10 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелді

Танымал әнші Мархаба Сәби 10 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелді
Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әнші әрі композитор Мархаба Сәби 10 жыл күткен екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, әсерлі видео жариялады.

"10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің", - деді өнер иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marhaba Sabi (@marhaba_sabi)

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, әртісті жарыса құттықтап жатыр: 

"Бауы берік болсын!", "Ғұмырлы болсын кішкентай", "Оң болсын қуанышыңыз", "Балаппанның бауы берік болсын!", "Көз тимесін".

Бұл жаңалық әншінің шығармашылығына да әсер еткен сыңайлы. Жуырда 35 жастағы әншінің "Мама, болма алаң" атты әні жарық көрді. 

Айта кетейік, Мархаба Сәби - "Қазақстан дауысы" байқауының қатысушысы. Ол "Ұнайды маған", "Ғана", "Сенімен", "Алып кет", т.с.с. өлеңдері арқылы танымал.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget