Танымал әнші Жеңіс Ысқақова тосынсыйға таңғалып жылап қалды

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова тосынсыйға таңғалып жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің жақындары өзіне айтпай, 60 жас мерейтойын жасап берген. 

"Біз Жеңіс әпкені алдап шақырдық. Қуаныштың көз жасы", -  деп жазылған жазбада.

"60 жас - өмірдің ең бір көркем кезеңі! Бүгін мен үшін ерекше күн. Алла берген ғұмырыма шүкір айтып, жанымда бар жақындарыма алғыс білдіремін", - деп жазды әншінің өзі.

Айта кетейік, Жеңіс Ысқақова - танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Оның өнердегі жолы 80-жылдардан басталған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!