Танымал әнші Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейбір желі қолданушылары Instagram-дағы видеоға қарап, әншінің шаңырағына келін түсті деп пайымдаған:

"Құтты болсын! Алла қолдап, менің ұлыма да иманды қыз жолықсын", "Құтты болсын, бізге жұғысты болсын!"

Алайда өнер иесі шығармашылығы тағы бір туындымен толыққанын, бұл бейнебаян екенін айтты.

"Жаңа жылдың жаңа күнінде болашақ келініме арнап түсірілген ерекше бейнебаян. Бұл ән - келінге деген аналық мейірім, ақ тілек пен отбасының берекесін жеткізетін туынды. Осындай қуанышты күндерді Алла әр шаңыраққа нәсіп етсін. Ал сіздер бұл бейнебаянда кімдерді байқадыңыздар?" - деді Жазира Байырбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget