Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасындағы ауыр қайғыны жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің әкесі өмірден өткен.
"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Бұған дейін Нұрболат Қанай сұхбатында 2003 жылы туған інісі қайтыс болғанын айтқан еді.
Айта кетейік, Нұрболат Қанайдың "Ол қыз", "Ритм-такт", "Lolly", "Үндеме" секілді танымал әндері бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова