Танымал актриса Фариза Ескермес тегін ауыстырғанын хабарлады

Жақында басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық актриса Фариза Ескермес тегін ауыстырғанын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Иә, айтпақшы, енді менің тегім осындай.  Білмейтіндер болса, біздің елде қос фамилияны қатар алуға болады", - деп жазды актриса.

Еске салайық, "Джейран" тобының экс-солисі, танымал актриса Фариза Ескерместі Андрей есімді жігіт қазақтың салт-дәстүрімен ұзатып алған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!