Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың үлкен ұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды продюссер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Біздің Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен, мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз", - деп жазды продюсер.
Әзірге қайғылы жағдайға не себеп болғаны белгісіз.
Айта кетейік, Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова - өнердегі танымал жұп. Рүстем Жаныаманов "Келінжан" жобасындағы Қылышбек рөлі арқылы да кеңінен танымал болды. Ал жұбайы - театр және кино актрисасы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!