Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жеткізді.
"Қазақ сахнасының саңлағы, көрнекті актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ол 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында дүниеге келген.
Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрда, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова