Қалың көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисенбин 53 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды әлеуметтік желіде оның қызы жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін өнері иесі қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Кейінірек актердің өзі ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтты.
Мұрат Бисенбин - актер, тележүргізуші. Кинодағы жолы 2001 жылы басталған. Актерліктен бөлек ол бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.
Мұрат Бисенбин 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Ол - Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша білім алған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін үлкен танымалдыққа ие болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!