Танымал актер, режиссер Дәстен Шәкіров әдетте отбасылық өмірі туралы айта бермейді. Жақында Revue бағдарламасында өнер иесінің әйелі де шығармашылық саладан алыс емес екені белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама жүргізушісі Анар Батырхан актер Дәстен Шәкіровтен әйелінің түсірілім кезінде басқа актрисалармен болған жақындығына қарсы болып, болмайтынын сұрады.
"Жоқ, енді келіншегім менің жұмысымды біледі. Отбасы деген – үлкен жұмыс, отбасы деген – саясат негізі. Адамда сенім болуы керек", – деді ол.
Дәстен Шәкіровтің әйелі де өнер саласында, мамандығы дизайнер екен. Әйелінің аты-жөні – Ботагөз Исағұлова. Актердің үйленгеніне биыл 9 жыл болыпты.
"Өзім өнер адамы болғаннан кейін, халықтың алдында жүрген соң, мен туралы ақпарат онсыз да көп тарағаннан кейін отбасым, жанұям туралы кішкентай ғана ақпарат құпияда қалсын деген ойдамын. Сол үшін жеке өмірімді, отбасымды желіге де сала бермеймін", – деді өнер иесі.
Актер сонымен қатар қоғамда ажырасу көбейіп кеткеніне қынжылатынын білдірді.
"Біз ЗАГС-ке барғанда некемізді қиған адам "бұл жерге алғаш және соңғы рет келулерің болсын" деп айтып еді, соны енді түсініп жатырмын. Қазір Қазақстанда қанша отбасы шаңырақ көтерсе, сонша отбасы ажырасып жатыр", – деді ол.
Актердің айтуынша, жақында режиссер Ақан Сатаев та ажырасу мәселесіне қатысты кино түсіріпті. Дәстен Шәкіров осы фильмде басты рөлді сомдаған.
Айта кетейік, Дастан Шәкіров "Рэкетир ІІ" туындысы арқылы халыққа танылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!