Америкалық актер Джеймс Хэнди Лос-Анджелесте жасалған шабуыл салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Los Angeles Times газетіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 3 маусымда таңертең полицияға ер адам хабарласып, "жаңа ғана кісі өлтіргенін" айтқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары үйдің ауласынан пышақ жарақаттары бар 81 жастағы Джеймс Хэндиді тапқан.
Актер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Күдікті ретінде 44 жастағы Майкл Гледхилл ұсталған. Тергеу дерегіне сәйкес ол іздеуде жүрген адам екенін полицейлерге өзі хабарлаған. Ер адамға кісі өлтірді деген айып тағылып, кепіл сомасы 2 миллион доллар болып белгіленген.
Америкалық БАҚ мәліметінше, ол - бұрын актермен қарым-қатынаста болған әйелдің ұлы.
Айта кетейік, Джеймс Хэнди 1980-1990 жылдары түсірілген фильмдер мен сериалдардағы қосалқы рөлдері арқылы танымал болды. Ол шығармашылық жолында көптеген фильм мен сериалға түскен. Көрермен оны "Джуманджи", "Топ Ган: Мэверик" жобалары арқылы да жақсы біледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!