- Негізгі бет
- LifeStyle
- Таңғы сағат 5-те...
Таңғы сағат 5-те ояну өміріңізді қалай өзгертеді?
Ұйқыдан ерте тұру сізге қосымша уақыт және алға қойған мақсатыңызға жетуге мүмкіндік береді. Кестені дұрыстау – қалаған нәрсеге жетуідің және өміріңізді өзгертудің қарапайым жолы.
Ұйықыдан ерте тұру адамның өнімді болуына көмектеседі
Таңғы сағат 5-те тұруды әдетке айналдырсаңыз, сізде өзіңізге арналған көп уақыт болады. Бұл уақытта әдетте отбасы мүшелері ұйықтап жатады және жұмыстастарыңыз мазаламайды. Сондықтан бұл кезде спортпен айналысуға, серуендеуге және пайдалы таңғы ас дайындауға болады. Сондай-ақ медитация жасауға, жоспарлар құруға, кітап оқуға уақыт болады. 2 сағаттың өзі көңіл күйіңізді түбегейлі өзгерте алады.
Оған қоса, түрлі зерттеулер адам миы таңда қиын тапсырмаларды жылдам орындай алатынын дәлелдеген. Ерте тұру қажет емес әдеттерден арылуға себепші болады: ерте тұру үшін күнде ерте жатасыз, яғни, түнде әлеуметтік желіде жатуға, сағаттап сериал қарауға уақыт болмайды.
Таңғы сағат 5-те тұру бір қарағанда қиын болып көрінуі мүмкін, алайда олай емес. Ең алдымен мотивация мен мақсат табыңыз. Кез келген әрекетке не үшін барып жатқаныңызды білген кезде оны жасау оңай болады. Сондай-ақ таңда қалай жаттығу жасап жатқаныңызды, тыныштықта кофе ішіп және кітап оқып отырғаныңызды елестетіңіз.
Егер күнде бір уақытта тұру қолыңыздан келмей жатса, өзіңізді кінәламаңыз. Әдет кейде 21 күнде емес, айлап қалыптасады. Бастысы, өзіңізге қамқор болыңыз және әр ерте тұрған күні өзіңізді мақтаңыз.
Күнді позитивті бастаудың әдістері
А. Жапатова