Кардиолог Хосе Абельян таңғы асқа кәмпит және басқа да тәттілерді жемеген жөн екенін айтты. Ол осы өнімдерді жақсы көретіндерге құлаққағыс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, таңғы ас - күннің ең маңызды тамағы, өйткені ол адам күнін қалай өткізетініне әсер етеді.
Көптеген тәтті тәбетті қоздыратын және тоюдың табиғи механизмдерін өзгертетін ультра өңделген тағам саналады, бұл шамадан тыс тамақтануға әкеп соғады.
Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, тәттілерде қоректік заттар жоқ, ал ағзаға таңертең витаминдер, минералдар, ақуыздар, пайдалы майлар және күрделі көмірсулар қажет.
Бұл өнімдерді тұтынған кезде қандағы глюкоза деңгейі күрт өзгереді, бұл артық салмаққа әкеп соғады, жүрек ауруының қаупін арттырады және иммун жүйесіне байланысты мәселе туындайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова