Кей адамдар мүлдем таңғы ас ішпеуді жөн көреді. Егер таңертең тамақ жегіңіз келмесе, өзіңізді қинаудың қажеті жоқ. Бірақ көбірек ұйықтау үшін таңғы ас ішпеу дұрыс емес. Бұл кезде қарныңыз ашады, дұрыстап таңғы ас ішпегесін әр нәрсені бөліп-бөліп жейсіз, нәтижесінде қажетті нормадан артық жеп қоясыз.
Алғашқы тамақтану тойымды болуы керек: ол ақуыз, жасұнық және күрделі көмірсулардан тұруы керек. Бұл түскі асқа дейін тоқ жүруге көмектеседі. Бірақ кей таңғы аста бос калория, қант және май көп. Олар аштық сезімін одан сайын арттырады және ешқандай энергия бермейді. Ол қандай өнімдер?
Пісірмелер
Тәтті пісірмелерде тазартылған дән, қант және қосымшалар көп. Сондықтан таңғы асқа бөлке нан, бәліш, печенье жемеңіз. Олар дәмді, бірақ таңғы асқа жеуге келмейді. Сіз олардан кейін бір сағаттан соң тағы да бірдеңе жегіңіз келеді.
Тәтті қауыз (хлопья)
Тәтті қауызда қант көп және қоректік заттар өте аз болғандықтан, кішкене уақыттан соң қарныңыз қайтадан ашады және күні бойы әлсіз болып жүруіңіз мүмкін. Оған қоса, таңғы аста желінетін кез келген тәтті тағам қандағы инсулин деңгейін бірден арттырып жібереді. Соның себебінен шаршаңқылық пен ашуланшақтық пайда болады. Сондықтан өзіңізді жақсы сезіну үшін тағы бірдеңе жегіңіз келіп тұрады.
Смузи
Смузи пайдалы сусын. Алайда мынаны түсіну керек: жақсы смузиге ақуыз көзі қосылуы керек. Сол кезде сусын тойымды болады. Әйтпесе, ол энергия бермейді және аштық сезімін арттырады.
Тәтті батончиктер
Көпшілік тәтті батончиктерді пайдалы деп санайды. Себебі оның құрамында дәнді-дақылдар, өрік, қараөрік, жаңғақтар бар деп жазылып тұрады. Бұл өнімдерді бөлек-бөлек өздерін жеу пайдалы. Бірақ батончиктің құрамында қант өте көп. Кейде тіпті сүтті шоколадтан да көп болады.
Йогурт
Кей йогурттарда ақуыз көп, ал қант аз. Мұндай йогурттар тойымды. Мысалы, грек йогурты. Бірақ дүкендерде жиі еш пайдасы жоқ йогурттар тұрады. Бір кішкентай ыдыста 5 шай қасық қантқа дейін болады. Сондықтан таңғы асқа йогурт ішуді шешсеңіз, оның дұрыс түрін таңдаңыз.
Нан мен май
Нанға май жағып жеген дәмді, бірақ ол таңғы асқа келмейді. Сіз оған бірден тоясыз, бірақ бір сағаттан соң қарныңыз ашады. Оның орнына тұтас дәнді нан алыңыз және оны авокадомен, көкөністермен немесе сүзбемен жеңіз. Шұжықтың орнына суға піскен тауық немесе күркетауық жеуге болады.
Не үшін таңғы ас ішкіңіз келмейді? Дәрігер негізгі 3 себепті атады