Таңғы ас алдында істеу керек 5 әрекет

Таңғы ас алдында істеу керек 5 әрекет
Фото: www.goodfon.ru

Түнде біздің денеміз демалады және ондағы барлық процестер төмен қарқында жүреді. Өйткені дене тынығуы үшін аз күш жұмсалуы қажет. Бірақ оянғаннан кейін ағзаға көмек керек. Процестерді іске қосу үшін таңғы ас алдында мына 5 әрекетті жасаңыз.

Су ішіңіз

Егер сіз аш қарынға бір стақан жылы су ішсеңіз, ол дененің жұмысына тиімді әсер етеді. Ұйқы кезінде ондағы барлық процестер баяулайды және бірнеше жұтым су оларды қажетті қарқындылықпен қайта бастауға және түнде тыныс алу арқылы дене жоғалтқан ылғалжетіспеушілігін толтыруға мүмкіндік береді.

Бұл қарапайым әдет денені бір түнде жиналған токсиндерден арылтады және ас қорыту жүйесін дұрыс жолға қояды. Сонымен қатар, мұндай пайдалы рәсімді жүйелі түрде орындаған кезде, сіздің теріңіз жақсара түседі. 

Жаттығулар жасаңыз

Түнде біз іс жүзінде қозғалмаймыз, сондықтан  қан мен капиллярларда ғана емес, сонымен қатар лимфа да белсенді болмайды. Сондықтан жаттығусыз дененің толық қайта іске қосылуы мүмкін емес.

Тәніңізге күтім жасаңыз

Таңғы уақытта 5-10 минут өзіңізге массаж жасаңыз. Оның ең тиімдісі - құрғақ щеткамен жасалатын массаж. Лимфа ағынын ынталандыру, тоқыраудан құтылу (целлюлиттің негізгі себебі) және табиғи детоксикация процесін бастау үшін мұны күн сайын жасаңыз.

Медитация жасаңыз

Ағзаңызға ұйқыдан кейін ас қорыту процестерін бастауға көмектесу үшін сіз йоганың көмегіне жүгіне аласыз. Ол - денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің ежелгі көзі.Оның ас қорыту жұмысына оң әсер ететін ерекше асанасы бар. Ең тиімділерінің бірі - падангуштасана.

Бұл асана ас қорыту процестерін жүйелейді, қан айналымын жақсартады және стресс деңгейін төмендетеді - бұл өнімді күнді бастау үшін қажет. 

Таңғы асыңызды жоспарлаңыз

Таңғы ас - күннің негізгі тамағы. Сізге қуат беретін және ағзадағы өмірлік маңызды процестерге пайдалы әсер ететін асты таңдаңыз. Бұл тұтынылған барлық калориялар ағзаға пайдалы болуы керек дегенді білдіреді - таңғы астан кейін сіз ауырлық сезінбеуіңіз керек.

А. Оралқызы