Әр таңыңыз қалай басталса, күніңіз де солай өтпек. Жақсы көңіл күймен оянғыңыз келе ме? Ендеше, әдеттеріңізді өзгертіңіз.
Шашылып жатқан жерде оянбаңыз
Кешкісін ыдыс жууға, киімдер мен заттарды орын-орнына жинауға ерінуіңіз мүмкін, бірақ лас және шашылып жатқан жерде ояну – күніңізді бұзу. Сондықтан кешкісін үйіңізді реттеп жатуға тырысыңыз: кешкі астан соң ыдыстарды жуыңыз, еденді сүртіп алыңыз, киімдерді шкафқа жинаңыз.
Бірден телефонға жармаспаңыз
Ұйқыңызды ашпастан қолыңызды смартфонға созасыз ба? Тісіңізді жууға және таңғы асқа дейін әлеуметтік желідегі лентаны қарау – жаман идея. Ол ағзаның жаңа күнге ауысуына мүмкіндік бермейді және өз мақсаттарыңыз бен тапсырмаларыңыздан алаңдатады. Таң атпастан әлеуметтік желіге кірудің және жаңалық оқудың орнына кішкене тыныштықта отырыңыз, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, жоспарларыңызды немесе ойыңызды блокнотқа жазыңыз. Ал басқалардың суреттері мен жаңалықтарды кейінірек те қарай аласыз.
Ағзаңызға көңіл бөліңіз
Таңертең ұйқыдан тұрған соң тісіңізді жуасыз, душқа түсесіз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Ағзаның оянуына көмектесіңіз: жеңіл жаттығу жасаңыз, ашқарынға жылы су ішіңіз және сондай-ақ бетіңізге маска жасауға болады.
Жанжалдаспаңыз
Көпшілік таңертең жақындарымен сөзге келіп қалу қаупі жоғары екенін айтады. Кез келген ұрыс күніңізді құртады. Оған қоса, айтқан сөздеріңіз үшін бірнеше сағаттан соң өкінесіз. Сондықтан таңертең жағымсыз тақырыптарды қозғамауға тырысыңыз және жақындарыңызды көбірек құшақтаңыз.