Таңертең шаршаңқы болып тұрасыз ба? Ғалым ми жұмысын жақсартудың қарапайым жолын атады

Нейробиолог Рамзес Алькайдтың айтуынша, қазіргі өмір ырғағына бейімделу үшін миға дұрыс режим қажет. Ол Men's Journal-ға берген сұхбатында таңертең миды сергітудің қарапайым тәсілін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымның сөзінше, қысқа жаңалықтар, әлеуметтік желідегі жазбалар мен видеоларды үздіксіз көру миды жылдам дофаминге және назарды жиі ауыстыруға үйретеді. Уақыт өте келе бұл зейінді ұзақ уақыт сақтауды қиындатады.

Маман бірнеше апта бойы таңды жаттығумен бастауға кеңес берді. Бұл жай жаттығу немесе серуен болуы мүмкін. Одан кейін міндетті түрде пайдалы таңғы ас ішу керек.

Маман ақуызға бай таңғы ас пен физикалық белсенділік миды оттегімен жақсы қамтамасыз ететінін айтты. Сонымен қатар, мұндай режим ер адамдарда тестостерон гормоны табиғи жолмен бөлінуіне де оң әсер етеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!