Кардиолог Аурелио Рохас кофені тек таңертең ішкен дұрыс екенін айтты, өйткені мұның денсаулыққа бірқатар пайдасы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес таңертең кофе ішу жүрек ауруының даму қаупін азайтады, бұл сусынды күндіз ішсе, оның пайдасы болмауы мүмкін.
"Бұл сусынды күндіз ішсеңіз, оның пайдасы мүлдем жойылады. Мұның себебі - тыныштық гормондарының деңгейінің бұзылуы", - деген сарапшының сөзін lenta.ru басылымы келтірді.
Ал диетолог Луис Самора кофе табиғи әрі әртүрлі зиян қоспаларсыз болуы керек екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін маман бірінші кофені оянғаннан кейін бірден ішуге болмайтынын айтты. Ұлыбританиялық сомнолог Рекс Исап кофеге қатысты маңызды кеңес берді.
Маманның сөзінше, кофе ішу үшін оянғаннан кейін кем дегенде бір сағат күту керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова