Таңертең ерте кофе ішудің қандай пайдасы бар?

Таңертең ерте кофе ішудің қандай пайдасы бар?
Фото: depositphotos.com

Таңғы ас артық салмақпен күресуге көмектеседі, таңертең кофе ішу де пайдалы болуы мүмкін. Бұл туралы диетолог Юлия Чехонина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, күнді ас қорытуға көмектесетін бір кесе судан және бір кесе кофеден бастаған жөн.

"Бұл сусын қан тамырларына оң ықпал етеді, белсенділігімізді арттырады. Кофеин асқазан жұмысына пайдалы, бұл ас қорытуға да жағымды әсер етеді", - деді Юлия Чехонина.

Маман оянғаннан кейін жарты сағаттан кешіктірмей таңғы ас ішуді ұсынды. Диетолог бірінші тағамға ақуызы жоғары тағамдар, яғни жұмыртқа, сүзбе немесе йогурт пайдалы екенін жеткізді. Ал таңғы асқа ботқа жейтіндерге қант емес, жидек немесе кептірілген жеміс қосуға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін жазда салқын кофе ішудің қандай зияны бары айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget