Тамыздың аяғында ауа райы қандай болады?

Тамыздың аяғында ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 26, 27, 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райына батыс антициклоны ықпал етеді. 26-28 тамызда батыста, 28 тамызда еліміздің солтүстігінде аз уақыт жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы

  • Батыста ауа температурасы күндіз +23…+34°С болады.
  • Солтүстік-батыста +30…+35°С болады.
  • Солтүстік Қазақстан облысында +27…+32°С-тан +22…+27°С-қа дейін төмендейді.
  • Елдің орталығында +30…+35°С болады.
  • Елдің шығысында +17…+27°С-тан +24…+33°С-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік облыстарда +35…+40°С болады, оңтүстік-шығыста +32…+37°С-қа дейін, таулы аудандарда +20…+25°С-тан +22…+27°С-қа дейін көтеріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget