Асқазан қатерлі ісігін аурудың бірінші стадиясында анықтаса, толықтай жазылу мүмкіндігі он адамның тоғызында бар. Алайда көп жағдайда қауіпті патология уақытында анықталмайды, себебі адамдар дәрігерге ауру асқынған кезде бір-ақ барады. Аурудың үшінші және төртінші стадияларында жазылу мүмкіндігі азайып кетеді. Сондықтан дәрігерлер хал-жағдайыңыз бен әдеттеріңіздегі кез келген өзгерістерге мән беруге шақырады.
Cancer Research UK ұйымының сарапшылары ескертеді: асқазан қатерлі ісігі тамақтану кезінде белгі беруі мүмкін. Егер бұрынғыдай емес, қазір аз тамақтың өзіне тойып қала беретін болсаңыз және бұл үнемі солай болса, бұл сізді ойландыруы керек. Сіз өмір сүру салтыңызды өзгертпедіңіз, қарныңыз ашып тұр және үйреншікті көлемдегі сорпа немесе басқа да тамақ жегіңіз келеді. Бірақ оның жартысының өзіне бірден тойып қалдыңыз. Қалғанын мүлдем жей алмайсыз, тіпті, тағы кішкене болсын жейін десеңіз, жиіркеніш сезімі пайда болады.
"Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері асқазан жарасы секілді басқа аурулардың белгілеріне ұқсауы мүмкін. Сол үшін де оны жиі есепке алмайды", - дейді Cancer Research UK сарапшылары.
Асқазан қатерлі ісігінің басқа да белгілеріне мыналар жатады:
Еске салайық, бұған дейін асқазан жарасы неден пайда болатынын жазған болатынбыз. Асқазан жарасы - жиі кездесетін аурулардың бірі. Көпшілік асқазан жарасының пайда болуын ащы тамақты көп жеумен байланыстырады. Алайда ащы тамақ асқазан жарасының белгілерін күшейтуі мүмкін, бірақ оның пайда болуына әсер етпейді.