- Негізгі бет
- LifeStyle
- Тамақтан соң бірден...
Тамақтан соң бірден шай ішуге бола ма?
Біздің елде көпшілік отбасыда кез келген тамақтануды шай ішумен аяқтайды. Алайда тамақпен бірге шай ішуге бола ма?
Тамақтан соң бірден шай ішпеген дұрыс. Негізгі тамақтан соң шай ішу тамақтан темір мен магнийдің сіңуіне кедергі келтіреді. Әрине, қатаң қарсыкөрсетілім жоқ. Десе де, шай ішпес бұрын тамақ жегннен кейін шамамен 40 минуттай уақыт өтуі керек. Бұл уақыт адамның денсаулық жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.
Сондай-ақ аш қарынға шай ішпеген жөн. Себебі ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.
Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты,сондай-ақ ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Шайды тым қою қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Мұндай шайды кешке ішсеңіз, ұйқыңыз келмей, басыңыз ауыруы мүмкін. Сондай-ақ одан кейін жүрегіңіз қатты соғуы мүмкін.
Дәріні шаймен ішпеңіз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жояды.
Тұрып қалған шайды ішуге болмайды. Оның құрамындағы хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.
Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Кей адамдар бір шайды қайта-қайта ысытып немесе қайнатып іше береді. Бұл ағзаға, керісінше, зиян.
Шайды көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаға зиян.
А. Жапатова