Тамақ ішіп алған соң бірден жатып алу денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Мұндай пікірді гастроэнтеролог дәрігер Анастасия Гостроус білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, тамақтан кейін жатқанда гастроэзофагеалдық рефлюкс болуы мүмкін, яғни адам жатқанда өңеш пен асқазан арасындағы қақпақшаның толық жабылмауынан пайда болады. Соның салдарынан желінген тағам мен асқазан сөлінің қоспасының бір бөлігі асқазаннан қайтадан өңешке құйылып, жағымсыз сезім тудырады. Егер бұл жиі қайталанса, өңештің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Бұдан бөлек, Гостроус жатқан күйде асқазан-ішек жолының жұмысы нашарлай түсетінін атап өтті. Дәрігердің айтуынша, бұл ас қорыту процесі баяулайды, тамақ асқазанда ұзақ кідіреді, ал бұл өз кезегінде ауырлық сезімін, іштің кебуін, метеоризмді және тіпті жүрек айнуын туғызуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!