Тамақ ауруы, "түйіршік" тұрғандай сезім, дауыс қарлығуы алғашында жай ғана тұмау сияқты көрінуі мүмкін. Алайда дәл осындай белгілер бас және мойын ісіктерінің алғашқы көрінісі болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығының онкологы Самал Тойынбекова ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Науқастар дәрігерге кеш келеді. Аурудың ерте кезеңінде ол тамақтағы жайсыздық, бөгде зат тұрғандай сезім, дауыс өзгерісі ретінде ғана көрінуі мүмкін. Сондықтан мұндай белгілер пайда болғанда маманға мүмкіндігінше ертерек қаралу қажет", - деді онколог.
Алаңдаушылық тудыратын негізгі белгілер:
Дәрігер қазіргі әдістер бас және мойын ісіктерін ерте сатысында тиімді емдеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!