Тамақ әдетте вирусты инфекциялар себебінен ауырады. Бірақ ол бактериялар, аллергия, дауыс аппараты бұлшықеттеріне артық күш тусу, құрғақ ауа және тітіркендіргіш заттарды жұтқаннан да ауыруы мүмкін. Тамақ ауырғанда оны ушықтырып алмас үшін не істеуге болмайды?
Әдетте тамақтың ауыруы бірнеше күнде өздігінен кетеді, бірақ кейде дәрігерге көріну керек болады.
Мына жағдайларда жедел жәрдем шақыру керек:
- Тыныс алу немесе жұту проблемасы бар;
- Сілекей көп ағады;
- Тыныс алу кезінде ысқырық секілді дыбыс шығады;
- Тамағыңыз шыдатпай ауырады;
- Мойында немесе бетте ісік бар;
- Қақырықта қан бар;
- Теріде бөртпе пайда болды;
- Буындар қатты ауырады;
- Температура 38,3 °С градустан асып кетті.
Тамақтың ауырғанын қалай жеңілдетуге болады?
- Жылы сұйықтық ішу;
- Тамақты шаю;
- Ауа ылғалдандырғыш қосу;
- Рецептісіз берілетін антигистаминді препарат ішу;
- Демалу.
Тамақ ауырғанда не істеуге болмайды?
- Ыстық ингаляция жасауға болмайды. Ыстық ауамен ингаляция жасау қанайналымды арттырады, яғни, ісікті де күшейтеді.
- Эфир майларымен демалуға болмайды. Эфир майлары аллергиялық реакция беруі мүмкін;
- Өте ыстық сұйықтықтар ішуге болмайды. Ыстық сұйықтықтар да қанайналымды арттырып, күйдіріп, жағдайды нашарлатуы мүмкін;
- Антибиотиктер ішуге болмайды. Көп жағдайда тамақ тұмау себебінен пайда болады. Ал антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Оған қоса, антибиотиктердің қосымша әсері болуы мүмкін. Сондықтан оны дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайды.
- Алкоголь негізіндегі халықтық құралдар ішуге болмайды. Алкоголь шырыштыны құрғатады және жергілікті қанайналымды арттырады. Сондықтан тамағыңыз одан сайын тітіркенеді.
Тұмаудан қалай сақтану керек?