Парламент мәжілісінің депутаты, журналист Ермұрат Бәпи "Qazaq Airan" Youtube-жобасына берген сұхбатында су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қаражатты кімнің бақылайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол халық пен кәсіпкерлер, олигархтар бөлген қаражат "жемқорлардың қалтасында" деп ойламайтынын жеткізді.
"Үкімет мүшелерінің тарапынан әлдебір цифрлар айтылды, осынша түсіп жатыр, осынша жиналды дегендей. Оның бәрі апат аймағына жұмсалып жатыр делінді. Сол секілді ақпарат көп болды. Бірақ мен өзім дәл осындай апаттың кезінде түскен ақшаны талан-таражға салып жіберді деп ойламаймын. Осы апаттың зардабын жоюға арналған қаражатты жиып қойып, талан-таражға салу - бұл енді білмеймін, бұл нағыз жауыздықтың тақырыбы болады. Бұған дейін 1 миллиардқа жуық қаражат талан-таражға түсті деген ақпарат болды, мұны кейіннен өзім тексере, зерттей келе, бұрын бөлінген қаражат екенін анықтадым. Бұл біздің дәстүрлі, қалыптасқан жемқорлар, жеп үйренгендер бұрыннан ауызына салып, шетінен кеміріп келген дүние екен", - деп жауап берді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бас айналғанды қалай басуға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!