Актер, кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдат Әшімованың айтуынша, Сағи Әшімовтің жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден өткен.
"Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Аңсарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір әрі қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын... Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын", - деп жазды ол.
Еске салайық, 21 желтоқсанда қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов қайтыс болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз