“Тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады“. Асанәлі Әшімовтің жары қаралы хабарды жеткізді

“Тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады“. Асанәлі Әшімовтің жары қаралы хабарды жеткізді
Фото: instagram.com/bagdat.ashimova/

Актер, кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Сағи Әшімовтің жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден өткен.

"Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Аңсарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір әрі қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын... Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бағдат Әшімова (@bagdat.ashimova)

Еске салайық, 21 желтоқсанда қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов қайтыс болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget