Әнші Төреғали Төреәлінің келіншегімен түскен видеосы көпшіліктің талқысына түсті. Желі қолданушылары Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр деп болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Маған ешкім ұнамайды сен ұнайсың, Маған ешкім шыдамайды сен шыдайсың. Бағымның да тең жартысын сен құрайсың Ғашық болып көрмеп едім мен бұлай шын", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары бейнежазбаны қызу талқылады. "Тағы да аяғы ауыр ма?", "неше баласы бар", "бәрі осы Төреғалидан үйренсін келіншегіне қарауды", "жыл сайын туып мықты екен", "не болды ішін аңдып, күйеуі бар адамға сонша айтып", "аман-есен босанып ал", - деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!