“Сіздерге де жұғысты болсын!“ Сәкен Майғазиевтің әулетінде қуанышты той болды

“Сіздерге де жұғысты болсын!“ Сәкен Майғазиевтің әулетінде қуанышты той болды
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал қазақстандық әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жақсы жаңалығымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Туған ағамның ұлы үйленіп жатыр. Той тойға ұлассын! Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды ол. 

Сәкен Майғазиевтің тойға дайындық кезінде келіншегімен құшақтасқан видеосы да әлеуметтік желіде тарап, жақсы пікір мен тілектер жазылып жатыр. Бұл видеоны Сәкен Майғазиевтің директоры Шарафат Нұрғали түсіріп алған. 

Еске салайық, жақында әнші тыңдармандарынан сүйінші сұрап, тағы бір жақсы жаңалығын жариялаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sharafat Nurgali (@sharapat_nurgali)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева