- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сізді де қыжыл...
Сізді де қыжыл жиі мазалай ма? Оның себебін біліңіз!
Гастроэнтеролог Ирина Бережная қыжылдың пайда болу себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап.
Маман өңеш пен асқазан арасында оларды бір-бірінен бөлетін бұлшықет сақинасы жоқ екенін айтты, сондықтан адам тік жүрген кезде асқазандағы нәрсе өңешке жиі құйылмауға мүмкіндік береді. Өңештің ішіндегі нәрсе сілтілі, ал асқазандағы қышқыл, олардың араласуы газдың пайда болуына, тітіркенуге, күйікке және ыңғайсыздыққа әкеледі. Сондай-ақ ішіңіз түйіліп ауруы мүмкін. Мұның бәрі қышқылдың тітіркенуіне байланысты пайда болады. Егер бұл жиі орын алса, өңештің қабынуы пайда болады, бұл қауіпті зардаптарға әкелуі мүмкін.
Ирина Бережнаяның айтуынша, қыжыл жиі адам күні бойы тамақтанбай, бірақ кешкі аста тойымды әрі ауыр тамақ жеп, бірден жатып қалған кезде пайда болады. Сондай-ақ қыжыл көбінесе сүт өнімдеріне жеке төзімсіздікке байланысты пайда болуы мүмкін.
Маманның айтуынша, қыжыл белгілі бір өнімдердің үйлесімінен туындауы мүмкін.
"Мысалы, алкоголь мен сірке суы қосылған кәуап. Бұл өте ауыр үйлесім және қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Одан бөлек, қыжылды күйзеліс тудыруы мүмкін. Маман тамақ күнделігін жүргізуге кеңес берді, онда тағамның түрін және оны қабылдау уақытын, сондай-ақ одан кейінгі сезімді жазуға болады. Осылайша, деректерді салыстыруға және ыңғайсыздық тудыратын өнімдерді анықтауға болады. Сонымен қатар мамандарға қаралу маңызды, өйткені қыжыл ауыр аурудың көрінісі болуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова