Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында ең пайдалы ет түрлерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қой еті
Қойдың етінде барлық аминқышқыл мен ақуыз бар. Сондай-ақ В тобындағы В3 және В12 дәрумендері, селен, фосфор, темір және мырыш бар. Ол ми жұмысы мен зат алмасу процесін жақсартады, тіс пен сүйектерді қатайтып, жүрек пен бауыр жұмысына оң әсер етеді.
Күркетауық еті
Ол калориясы төмен болғандықтан диеталық ет түріне жатады. Құрамында май аз, ақуыз көп, әрі В тобының дәрумені, селен, фосфор бар. Олар зат алмасу процесіне, орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, қалқанша без гормонының синтезіне қатысып, аутоиммундық аурулар мен қатерлі ісік қаупін төмендетеді.
Қоян еті
Негізі қоян еті ақуызға бай еттің бірі. Әрі сиыр етіне қарағанда 90% сіңімді болып келеді. Еттің құрамында В тобының — B12 және B6 дәрумендері, мырыш, хром, темір және кобальт бар. Қоян етін анемиясы бар адам қолданса, пайдалы болады. Әрі салмақ қосуға да жәрдемші. Қан құрамындағы қантты азайтып, қан қысымын реттеп, зат алмасу процесін қайта қалпына келтіріп, иммундық жүйені күшейтеді.