"Сыйлы ағамның жақын қарындасы". Мұхамеджан Тазабек әйелімен қалай танысқанын айтты

"Сыйлы ағамның жақын қарындасы". Мұхамеджан Тазабек әйелімен қалай танысқанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Мұхамеджан Тазабек жарымен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Құдайдан өзіне лайық жарды көп сұраған.

"Аға, жарыңызды қалай таңдадыңыз" деп жастар менен көп сұрайды. Ең бірінші кезекте адам ретінде, жігіт ретінде "осының қайсы менің жарым болар екен, болашақ ұл-қыздарымның анасы болар екен" деп өзің жүрген ортадағы қыздарға көз саласың ғой. Бір қариямен кездесіп қалғанда, "Пенде болған соң шатасуың мүмкін. Құдай шатаспайды. Алладан көбірек тіле" деді. Тура сол кезде Рамазан айы келіп қалады. Рамазан айында күнде бір ай бойы тарауиқ намазына барамыз. Намазға ертерек барамын, намаздан кешірек қайтамын. "Раббым, нағыз менің бақытым болатын, ұл-қыздарым осындай ана таңдап беріпсіз, рақмет" деп айта алатындай, ата-анам риза болатындай, көңілім суымайтындай, бір-бірімізге сәйкес келетін жақсы адамды нәсіп етші" деп Алладан тіледім. Алладан тіледім, тіледім деп құр отырмайсың ғой. Рамазан айы бітіп, айт өткеннен кейін Алматыға келдім. Алматыға келгенде, араласатын, жақсы көретін ағам бар еді, сол үйіне қонаққа шақырды. Есіктің қоңырауын басып, есікті іштен бір кісі ашты, ашып қалғанда, бір нәзік қыз тұр. Бір ай бойы сұрадым, бір күн өтпестен Алла тағала тілегімді қабыл етіп, алдымнан болашақ жарым шыққанын білген жоқпын. Есікті ашты, жаңағы таныс, сыйлы ағамның жақын қарындасы екен", - дейді ол.

Сонымен қатар, оқырмандарының бірі Мұхамеджан Тазабектен қанша әйелі барын сұраған.

"Бір ғана әйеліңіз бар ма?" - деп сұраған оқырманы.

"Иә", - деп жауап берген Мұхамеджан Тазабек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedjan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова