- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сыртымнан құлыптап кететін"....
"Сыртымнан құлыптап кететін". Айжан Нұрмағамбетова алғаш рет күйеуі туралы жан сырын ақтарды
Әнші Айжан Нұрмағамбетова "Алғашқы" бағдарламасында алғаш рет күйеуі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әншінің алғашқы некедегі күйеуі ерте қайтыс болған.
"Әкем анам арқылы "қандай сұлу болсаң да, маған ұқсайтын ер азаматты іздеме" деп ақыл айтқызатын. Бірақ менде жастық максимализм болды. Әкемнің айтқанын тыңдамайтынмын. Сондықтан ол үшін өзімнен басқа ешкімді кінәламаймын. Жолдасым қаза тапқанда қатты жыладым, арамызда махаббат болды", – деді әнші.
Өнер иесі кейін танысқан Әділ есімді азамат туралы да көпшілікке айтып берді.
"Маған сахнада ғашық болып, жігіттер 2-3 күнде тұрмысқа шық деп айтатын. Бірақ бәрі сахнадан кеткенімді қалады, тек үйде отырғызғысы келді. Ал Әділ жарты жыл бойы артымнан қалмады. Туған күніне шақырды. Екінші күні тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. "Сахнаны тастамаймын" дегеніме, қолымнан ештеңе келмейді дегеніме, - бәріне көнді. Бірақ қызғаншақ екенін айтпады. Гастрольге кетсем, артымнан қалмайды. Шетелге кетсем, шетелге шығады. Ауылға барсам, хабарласып тауып алады. Кейде үйде отырғанда сыртымнан құлыптап кететін. "Әділ, қыздармен шай ішемін" десем, "40 минут жете ме?" деп сұрайтын. Ол жас кезде болған жайт, қазір қартайғанда кімге керекпін?", – деді Айжан Нұрмағамбетова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы