Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты продюсер Жан Мұқанов жеткізді.
"Құрметті қазақ елі! Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! 7 сәуірде кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл - жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ елінде көбейе берсін!" - деді ол.
Желі қолданушылары да сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі: "Бауы берік болсын", "Бауы берік болсын, жеңешеміз ерледі", "Алланың берері көп болсын", "Ғұмырлы болсын".
Сәбиге нағашы жұрты Мәриәм деген есім қойған.
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі тосын мәлімдеме жасап, Түркістанға көшкенін айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!