Танымал қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім жақында үшінші рет әке болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер сүйінші жаңалығын Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында жария етті. Бұл бағдарламаға Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Мүсіліммен бірге қонақ болды.
"Әйелім күнделікті уақытымның 70 пайызы балаларға кетеді деп шағымданып жүрген. Жақында 100 пайыз уақытын балаларымызға арнайтын болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық. Сондықтан Динара Сәтжанның бағдарламасындағы эксклюзив жаңалық деп айтуға болатын шығар", – деді ол.
Тәуекел Мүсілім мен әйелінің айтуынша, әлі баланың жынысы белгілі болмапты.
Айта кетейік, бұған дейін берген сұхбатында Тәуекел Мүсілім әйелінің қызғаншақ екенін айтып, отбасылық сырын бөліскен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз