Танымал актер Асылхан Төлепов Ақтөбе облысы Ойыл ауданының "Құрметті азаматы" атағын алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ардақты ағайын, сүйінші! Бүгін туған жерім - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болдым! Аллаға сансыз шүкір! Мені осыған лайық көріп, қашан келсем де құшақ жая қарсы алатын жерлестеріме, ауыл ақсақалдарына рахмет! Туған өңірімнің маған деген құрметі мен махаббаты мен үшін барлық атақ, лауазымнан да қымбат", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.
"Құтты болсын. Еңбегіңіз жана берсін", "Жарайсыз, Асеке! Жарқырып елге қызмет етіп ыстық ықылысқа бөленіп жүре беріңіз!", "Жарайсың! Ел құрметіне бөлене бер", "Бәрекелді! Өркенің өссін! Құтты болсын! Абырой биігінде самғай бер!" - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!