Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалықты Сара Тоқтамысқызы хабарлады.
"Сүйінші, ағайын! Алла ұлық. Бүгін ақ түйенің қарыны ақтарылған күн. Серікзат ағам ұлды болды. Қуаныштан көңілім босап тұр! Ел тілеуі қабыл болды. Ағатайым Айнұр жеңгем екеуіңізді алақанда аялайтын нағыз жігіттің сұлтаны болсын!" - дейді ол.
Желі қолданушылары жақсы жаңалыққа ізгі тілектерін жазған:
Бауы берік болсын! Аллам ұзақ ғұмыр берсін! Дені сау болсын! Ата анасының қызық қуанышына өссін!
Аллаға шүкір, қуаныштымыз, бауы берік болсын, қызығын көрсін!
Қандай ғажап жаңалық! Ғұмыры көркем болсын сәбидің!
Ойпырмай, Алла бар екен ғой, бір қиындықтың артында екі жақсылық болады деуші еді, қатты қайғырып қалып едік, Алла қатты қуантып жатыр, ұзағынан сүйіндіргей, бауы берік, Серікзатқа серік болсын!
Аллаға шүкір, жақсы болған екен, қуаныштымыз! Ғұмырлы болсын!
Еске салайық, жыл басында Серікзат Дүйсенғазының ұлы Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болды. Айтыскер ақын марқұм ұлы туралы жантебірентерлік жазба жариялады.
Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!