- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сүйкімді келіншек екен"....
"Сүйкімді келіншек екен". Сағынысып көріскен келіні мен қайынатасының әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті
Фото:
Видеодан алынған кадр
Желіде келініне ерекше жылулық көрсеткен қайынатасының әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны әлеуметтік желіге Қонысбек Терекұлы атты қолданушы жариялаған. Бір-бірімен сағынысып көріскен келін мен қайынатасы көңілі босап, көзіне жас алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ауылдан әкем келді. Менен бұрын келінін сағыныпты. Келгенін келіншегіме айтпай, балалармен барып жолдан күтіп алғам. Көңілшек адамдар. Тек жылап қалады", - деп жазды ол.
"Қандай керемет ата", "өзі де сүйкімді келіншек екен", "келіндер осындай болу керек", "қызы ма, келіні ме", "қарияларымыз аман болсын" деп жазды желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы