Онколог, хирург Иван Карасев онкологиялық аурулардың ерте кезеңдегі үш белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, қатерлі ісіктің даму көрінісін суық тигенмен шатастырып алуға болады. Бұл орайда жалпы әл-ауқатқа, әсіресе, әлсіздікке назар аудару маңызды.
Сонымен қатар, қатерлі ісіктің дамуын температура жоғарылауы да көрсетуі мүмкін. Алайда дене қызуы жоғарылауы ұзақ уақытқа созылмайды. Үшінші белгі - тамақ ауруы. Маманның сөзінше, әдетте суық тиген кезде көмектесетін дәрі-дәрмектер мұндай жағдайда көмектеспейді. Сондай-ақ, жазылмай жатқан жаралар, тұрақты бас ауруын елемеуге болмайды.
Маман қатерлі ісік қаупін азайту үшін темекі шегуден, алкогольді жиі тұтынудан бас тартуды, физикалық белсенділікпен көбірек айналысуды, дұрыс тамақтануды ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдау туралы жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!