“Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр“. Бағлан Әбдірайымов өмір сынақтары туралы айтты

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов кейінгі кездері отандық шоу бизнесте қайғылы хабар көбейіп кеткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр. Күні кеше Гүлнар Сиқымбаева әпкеміз дүние салып еді... Ал бүгін Арман Дүйсеновтің жап-жас ұлы өмірден өтті. Не деген ауыр сынақ еді", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Ал кеше Гүлнар Сиқымбаеваның неден қайтыс болғаны анықталған еді. 

Еске салайық, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Айта кетейік, Арман Дүйсенов – 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол – композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз