Сүйек сорпасы тұздықтар мен сорпалар үшін дәмді негіз ғана емес, сондай-ақ пайдалы қасиеттерге ие бағалы өнім. Ендеше, сүйек сорпасының пайдалы қасиеттерін және оны қалай дайындау керегін ұсынамыз.
Сүйек сорпасының пайдасы:
- Сүйек сорпасында коллаген құрамына кіретін аминқышқылдар көп. Ол буындар саулығына, шаш, тырнақ және тері сұлулығы мен жастығына қажетті коллагенге бай;
- Сүйек сорпасы асқазан-ішек жолының шырышты қабығын қалпына келтіреді және рациондағы ақуыз жетіспеуінің орнын толтырады;
- Сүйек сорпасы ЖРВИ және тамақтану улану кезінде ағзаны қалыпқа келтіреді. Бұл сұйықтықтың құрамындағы глицин мен пролин ағзадағы қабынуды басуға көмектеседі. Сондай-ақ бұл элементтер иммунитетті қатайтады;
- Сүйек сорпасы сүйектер мен тіске қажет кальций, магний және фосфор секілді минералдарға бай.
Сүйек сорпасын қалай дайындау керек?
- Сорпа дәмді және пайдалы болуы үшін мына ұсыныстарды сақтаңыз:
- Жақсы сорпа шығу үшін сапалы өнім таңдау керек.
- Сорпаны дайындарда 1/5 қатынасын сақтаңыз. Мысалы, 100 г өнімге 500 мл сұйықтық пайдаланыңыз. Осы тепе-теңдіктен дәмді сорпа шығады.
- Сүйектерге міндетті түрде суық су құйыңыз.
- Сорпа қайнаған кезде оның көбігін алып, бірден отты бұтырып қойыңыз. Сорпа тарсылдап қайнамауы керек. Ол баяу отта ұзақ тұруы керек. Сорпа 12 сағатқа дейін қайнауы мүмкін.
- Сорпа суыған кезде оны тоңазытқышта 3 күнге дейін ұстауға болады. Оны сондай-ақ мұздатқышқа қатырып қойып, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Сорпаны көбірек дайындап, қатырып қойған ыңғайлы. Содан соң оны кез келген уақытта басқа тағамдарға, тұздықтарға қосуға немесе өзін жылытып ішуге болады. Сондай-ақ оны балаларға да беруге болады.
Коллагенге бай басқа да өнімдер жайлы мына жерден оқыңыз.