Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы сүйек сорпасы қандай ауруларға ем болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында айтты.
Дәрігер Айжан Қалдыбекқызының айтуынша, сүйек сорпасы мына ауруларға ем:
- Буын аурулары;
- Аллергия;
- Анемия;
- "Тесік ішек" синдромы;
- Өттің іркілуі.
Сүйек сорпасын қалай дайындау керек?
- Ірі қара малдың жілік сүйектерін (сіңірлі сүйектері - трубчатый, сахарный кость дейді) жуып, үлкен қазанға саламыз.
- Қатты отта қайнатып, көбігін аламыз. Тағы жарты сағат қайнатып, суын ауыстырамыз.
- Екінші рет қазанға су толтырып, қайнағанша қатты, сосын астын жай отқа қоямыз.
- Егер, шамамен 10 л сорпа қайнатсаңыз, 1 лимонды сығып, шырынын сорпаға қосамыз. Лимон болмаса, алма сірке суын қосамыз. 1 л сорпаға - 1 шай қасық алма сірке суы. 10 л қайнатсаңыз, 10 шай қасық алма сірке суы немесе 1 лимон шырынын қосасыз. Лимон немесе алма сірке суы сүйектегі минералды заттарды сорпаға шығаруға көмектеседі.
- Сорпаға дәміне қарай тұз қосамыз. Лавр жапырағын қосуға болады.
- Бұл сорпа жай отта 10-12 сағатқа дейін қайнап тұру керек.
- Сорпа дайын болуына 1 сағат қалғанда сәбіз, пияз қосуға болады. Картоп қоспаймыз. Көк шөптер қосуға болады.
- Бөлме температурасында суытып, кейін тоңазытқышқа салып, шыны ыдыстарда 5 күнге дейін сақтауға болады.
Сүйек сорпасының адам ағзасына пайдасы қандай?
- Сүйек сорпасы - коллагеннің нағыз көзі.
- Сүйектің, шаштың, тырнақтың саулығына тікелей әсер етеді.
- Ұзақ уақыт қайнағаннан кейін сүйектегі барлық макро және микроэлементтер, пайдалы заттар сорпаға шығады.
- Асқазан ішек- жолдарын қалыпқа келтіреді.
- Ішектің бүрінің жаңаруына әсер етеді.
- Ішек ауруларының алдын алады.