Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі - сүт безі қатерлі ісігі. Онколог-маммолог Рано Азимова "Womanhit"-ке аурудың дамуын тудыратын факторлар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі - әлемдегі ең көп таралған ауру, оған әрбір 10-шы әйел шалдығады.
"Сүт безі қатерлі ісігінің дамуының көпшілік себебі белгісіз, бірақ ауру жақсы зерттелген және оның дамуының алғашқы кезеңдерінде тиімді емді қолдануға болады", - деді маммолог.
Онколог сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратын кең тараған факторларды атады. Оларға мыналар жатады:
Рано Азимова 30 жасқа дейінгі әйелдерге жылына кем дегенде бір рет сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жасауды ұсынды.
35 жастан кейін ультрадыбыстық зерттеуге маммограмманы (кеудеге рентгендік тексеру) қосу керек. Омыраудың барлық тексерісіне етеккір циклінің 5-тен 12-ші күніне дейін барған дұрыс. Бұл кезде бездер қатты тығыз болмайды және маман оны зерттеуде қиындықтарға тап болмайды.
Сондай-ақ, сарапшы арасында кеудені өз бетінше қолмен басып қарауды ұсынды. Егер қандай да бір өзгеріс байқасаңыз, маманға қаралыңыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!