- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сүт безі қатерлі...
Сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтатын өнім аталды
Зерттеушілер зығыр дәні ішек микрофлорасын өзгерте отырып, сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, зығыр дәндері жасұныққа және омега-3 майлы қышқылдарына, сондай-ақ лигнандарға бай. Зерттеушілер ішек микробиотасы мен сүт безінің микроРНҚ-сы арасындағы байланысты өзгертіп, осы орган қатерлі ісігінің қаупін төмендету үшін тышқандардың ұрғашыларын лигнан компонентімен қоректендірген.
Ғалымдар микробиота мен сүт безі микроРНҚ-сы шынымен де байланысты екенін анықтаған.
"Асқазан-ішек микробиотасы біздің рационымыздың көптеген компонентінің өзгеруінде маңызды рөл ойнап, адам денсаулығына әсер етеді. Біз бұл зерттеуде зығыр дәніне бай диета мен көптеген жолды реттейтін, соның ішінде қатерлі ісіктің дамуына қатысатын сүт безі микроРНҚ-сының арасында өзара байланысты анықтадық", - дейді Торонто Университетінің доценті Дженнифер Аухтунг.
"Егер бұл нәтижелер дәлелденсе, микробиота диеталық араласу арқылы сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудың жаңа нысанасына айналады", - дейді Торонто Университетінің доценті Елена М. Комелли.
Зығыр дәні әсіресе, ұнтақталған күйде пайдалы. Себебі ғалымдардың айтуынша, бүтін дәндер асқазан жолынан аса пайдасын тигізбей өтіп кетуі мүмкін.
Зығыр дәні сондай-ақ қандағы жалпы холестерин деңгейін азайтып, жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін азайтады.
Ұнтақталған зығыр дәнін йогуртке қосуға немесе онымен пісірме дайындауға болады.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?
А. Жапатова