Әлеуметтік желіде тойға түйе алып шыққандар сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ер адам түйені баспалдақпен алып келе жатқаны көрінеді. Алайда бұл жайт нақты қайда болғаны белгісіз.
"Жарықтық, не көрмедік тойда, ат, көлік, міне түйе, енді піл, сонымен тренд аяқталар", - деп жазылған видео жазбасында.
Желі қолданушылары да бұл көріністі қызу талқылап, басым бөлігі сынаған.
"Тойханаға жануар кіргізуге тыйым салу керек қой, сұмдық қой мынау", "Түйені жіберіңдер, қинамаңдар", "Жақында бүкіл зоопарк келетін шығар тойға", "Әй дарақы Қазағым қайдан байисыңдар осылай жануарды да өздеріңді де қинай берсеңдер! Атақ!", "Дарақылық, есерлік!", "Тіпті осындайдың керегі жоқ қой. Не деген ақымақтық!" - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!