- Негізгі бет
- LifeStyle
- Суқұйғыш белгісінде туған...
Суқұйғыш белгісінде туған адамдардың мінезі қандай?
21 қаңтар мен 18 ақпан арасында дүниеге келгендердің шоқ жұлдызы — суқұйғыштар. Олар ауа бөліміне жатады.
Суқұйғыштар әдетте шығармашылыққа бейім болып келеді. Олар өздерінің оптимизмімен көзге түседі. Ішкі түйсіктері өте дамыған әрі зияткерлік қабілеті жоғары. Ізденістен шаршамайды, адамдармен бірден тіл табысады. Әдетте олардың қиялында шек болмайды, сондықтан үлкен жобалар жасауға келгенде олармен ақылдасқан жөн.
Суқұйғыш тәжірибе жасауды, ерекшеленуді, тәуекелге баруды және жаңа нәрсе тапқанды жақсы көреді.
Суқұйғыштар әдетте қонақжай, тұрмыстық қиындықтарға оңай төзеді, бейтаныс ортада оңай бейімделеді.
Кез келген нәрсені садмақты қабылдай алмау, қарым-қатынастағы жеңілдік, хоббидің тұрақсыздығы — олардың негізгі кемшіліктері. Олар кейде дөрекі әрі тік мінезімен көзге түседі. Төмен концентрация істі соңына дейін жеткізуге кедергі келтіреді. Суқұйғыш көптеген мүмкіндіктер мен жеке мүдделер арасында шатасып, қолайлы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Суқұйғыш қоршаған ортаға тым тәуелді, көбінесе басқалардан ой-санасымен асып түседі. Әрқашан рухани өсуге ұмтылады, бірақ ол өзінің әлсіз жақтарына жиі бой алдырады.
Кейде орынсыз қырсығып қалуы мүмкін. Олар өзгенің сынын қабылдай алмайды, бірақ басқалардағы кемшіліктерді байқағанды ұнатады. Әдетте өте талантты. Логикалық ойлауға қарағанда, дерексіз, ерекше ойлау тән.
Суқұйғыш отбасылық өмірге асықпайды. Үйлесімді қарым-қатынас таразы мен мерген белгісінде туғандармен болады. Шаян белгісінде туғандармен тіл табысуы өте қиын.
Суқұйғыш белгісімен туған атақты адамдар: Дженнифер Энистон, Тина Кароль, Опра Уинфри, Владимир Зеленский, Вольфганг Амадей Моцарт, Джастин Тимберлейк, Криштиану Роналду, Боб Марли, Чарльз Диккенс, Дмитрий Менделеев, Авраам Линкольн, Майкл Джордан.
Т. Есқали